Лифтте екі айлық шақалақ қайтыс болды

0
1 461

Оқиға атасы екі айлық немересімен серуеннен қайтқан кезде болған.


Лифтте екі айлық шақалақ қайтыс болды

ERNUR.KZ. Сумыда, 2-ші қаңтар күні Супруна көшесіндегі көп қабатты ғимаратта, екі айлық бала лифтте қаза тапты, деп хабарлайды ktk.kz.

Атасы тоғызыншы қабатта лифттен шығып, бесік арбаны алуға тырысқан кезінде лифт үзіліп кеткен. Полиция баланың қайтыс болуына әкеліп соқтырған себептерді анықтайтын қылмыстық іс қозғады.

«Оқиға, сағат 16-да, Супруна көшесіндегі көп қабатты ғимаратта болды. Екі айлық шақалақ орналасқан лифт кенеттен үзіліп кетті», - дейді хабарламада.

Құқық қорғау органдары, оқиға кезінде шақалақ қасында атасының болғанын анықтады. Серуеннен қайтқан атасы мен немересі 9-қабатқа көтерілген, атасы лифттен шығып, бесік арбаны сыртқа шығарғысы келгенде лифт үзіліп кеткен.