Коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста кездесетін белгі аталды

0
539

Испандық ғалымдары вирус жұқтырған науқастарға зертеу жүргізген.


Коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста кездесетін белгі аталды

ERNUR.KZ. Испандық ғалымдар коронавирус жұқтырған 80 пайыз науқаста D дәруменінің жетіспеушілігі барын айтты. Бұл белгі көбіне ер адамдарда жиі кездеседі. Зерттеу нәтижесі Journal of Clinical Endocrinology & Metabolism журналында жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.

Медициналық статистика мәліметі бойынша, көптеген заманауи адамда, әсіресе қарттарда D дәруменінің жетіспеушілігі бар. Сондай-ақ соңғы кездері коронавирус пандемиясы кезінде D дәруменінің маңыздылығы туралы зерттеу жұмыстары көптеп шыға бастаған, себебі ол организмнің COVID-19-ға төзімділігін қамтамасыз етеді.

Испандық ғалымдар D дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтыру қаупін қаншалықты арттыратынын және ол науқасқа қалай әсер ететінін анықтамақ болған.

Зерттеуге коронавирус расталған 216 науқас қатысқан. Зерттеу жұмысының авторлары 82,2 науқаста D дәруменінің жетіспеушілігі барын анықтаған. Оның ішінде, ер адамдардағы дәруменнің мөлшері әйелдегі D дәруменінің мөлшеріне қарағанда аз болған.

D дәрумені - қандағы кальций концентрациясын бақылайтын бүйрек шығаратын гормон. Оның жетіспеушілігі денсаулыққа қатысты көптеген проблемамен байланысты, дегенмен гормонның организм жүйелеріне қалай әсер ететіні туралы зерттеулер әлі де жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, бірнеше зерттеуде D дәрумені иммундық жүйеге, әсіресе инфекциядан қорғауда жақсы әсер ететіні айтылған.