Коронавирус Антарктидаға жетті

0
1 554

Бұған дейін Антарктида коронавирус жоқ жалғыз материк болып келген.


Коронавирус Антарктидаға жетті

ERNUR.KZ. Антарктидадағы О'Хиггинс ғылыми-зерттеу станциясында 36 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұған дейін Антарктида коронавирус жоқ жалғыз материк болып келген.

Вирус жұқтырғандар арасында Чилидің 26 әскери қызметкері және 10 қызмет көрсетуші бар. Олар Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласына көшірілді. Базаға көмекке келген кеме экипажының үш мүшесінен де коронавирус расталды.

Антарктидада ешкім тұрақты өмір сүрмейтініне қарамастан, қыста мыңға жуық зерттеуші мен басқа қонақтар болады.