Көпқабатты үйдің жертөлесінен пышақталған ресейліктің мәйіті табылды

0
620

Марқұм суицид жасаған болуы мүмкін.


Көпқабатты үйдің жертөлесінен пышақталған ресейліктің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасы - Бішкектегі көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды. Марқұм суицид жасаған болуы мүмкін, деп жазады exk.kz.

24.kg басылымының жазуынша, денесі табылған азамат 30 жастағы Ресей азаматы болып шықты. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

"3 қараша күні сағат 13:15 шамасында Бішкек қалалық Ішкі істер бас басқармасының 102 қызметіне Ақиев көшесінде орналасқан үйдің жертөлесінен пышақ жарақаттарымен 35-40 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы өлтірілген ер адамның жеке басын анықтады. Ол — Ресейдің 30 жастағы азаматы", — делінген хабарламада.