Қолына қолшатыр ұстаған бала 26-қабаттан секіріп, аман қалды

0
464

Баланың мұндай әрекетке баруына "Том мен Джерри" мультфильміндегі кадр себеп болған.


Қолына қолшатыр ұстаған бала 26-қабаттан секіріп, аман қалды

ERNUR.KZ. Қытайдың Хунань провинциясында төрт жасар бала 26-қабаттан қолшатырмен ұшып, аман қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, баланың мұндай әрекетке баруына "Том мен Джерри" мультфильміндегі кадр себеп болған. Бала көп ойланбай мультфильмдегі әрекетті қайталамақ болған. Ол пәтердің балконына шығып, 26-қабаттан қолшатырмен секіріп кеткен. Оқиға болған сәтте бала үйде жалғыз болған. Төрт жасар баланың әжесі оның әпкесіне кеткен.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері бала түрлі жарақат алғанын, алайда оның өміріне еш қауіп жоғын анықтаған. Оған бір ғана себеп бар: баланың салмағы аз, ал жерге құлар алдында ол ағашқа соғылып бір-ақ түскен.