Халықаралық валюта қоры Украинаға 16 млрд доллар бөледі

0
434

Жоспар мақұлданар болса, үш-төрт жылдық бағдарламаның бірінші жылында 5-тен 7 миллиард долларға дейін бөлу көзделген.


Халықаралық валюта қоры Украинаға 16 млрд доллар бөледі

ERNUR.KZ. Халықаралық валюта қоры Украинаға 16 миллиард долларға дейін көп жылдық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Агенттіктің ақпарат көздерінің мәліметінше, бағдарламаны іске асыру бірқатар шарттарға: Үлкен жетілік (G7) елдерінің, сондай-ақ елдің қарыздық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Украинаның несие берушілерінің мақұлдауына байланысты.

Жоспар мақұлданар болса, үш-төрт жылдық бағдарламаның бірінші жылында 5-тен 7 миллиард долларға дейін бөлу көзделген.

Болжалды бағдарлама сонымен қатар ХВҚ-ның қарулы қақтығысқа қатысушы елге несие беруге мүмкіндік беретін несиелік ережелерін өзгертуді талап етеді.

Дереккөздерге сәйкес, егер жоспар ХВҚ-ға мүше елдердің жеткілікті санынан қолдау таппаса, қор Украинаға жеделдетілген қаржыландыру құралы (RFI) арқылы 1,3 миллиард доллар жібереді.

ХВҚ-мен ағымдағы Келісім шеңберінде Украина Үкіметі қаржылық қолдау алу үшін салық түсімдерін ұлғайту, орталық банктен әскери бюджетке түсетін түсімдерді едәуір қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік компанияларда Корпоративтік басқаруды жолға қою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттеледі.