Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді

0
384

Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.


Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы 2 шілдеде кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.

Бұл "азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында" жасалды.
ТЖ кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды. Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық гвардиясының Telegram-арнасында хабарланды.