​Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке шалдықтырған - АҚШ-тағы сот

0
1 014

J&J акциясы үкім шыққаннан кейін 1%-ға құлаған.


​Johnson & Johnson өнімдері қатерлі ісікке шалдықтырған - АҚШ-тағы сот

ERNUR.KZ.АҚШ-та Миссури штатының соты Johnson & Johnson компаниясынан 22 әйелдің пайдасына 4,69 млрд доллар өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп жазады inform.kz.

Олар бірнеше жыл бойы балалар сеппесін қолданып, оның салдарынан аналық безі қатерлі ісігіне шалдыққандарын айтқан, деп хабарлайды Reuters.

Компанияның төлеуге міндетті сомасы - АҚШ тарихында сапасыз өнім ісі бойынша өндірілген қаржының рекордтық көрсеткіштерінің бірі.

Шағым түсірген әйелдердің барлығы J&J компаниясын балалар ұнтағына тыйым салынған асбест қосты деп айыптауда.

Алқабилер соты бұл істі бес апта бойы қарап, екі тараптың ондаған сарапшысын тыңдаған. J&J өз кезегінде компания өнімдерінің зиян келтіретінін жоққа шығарды.

"Johnson & Johnson үкіммен келіспейді, бұл шешімге шағым түсіруге ниетті», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

J&J акциясы үкім шыққаннан кейін 1%-ға құлаған.