Ирандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды

0
548

Шабуыл жасаушы қамауға алынды.


Ирандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Әзірбайжанның Ирандағы елшілігінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Орхан Әскеров шабуылды тойтару кезінде қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.

Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі елшілікке шабуыл жасалғанын растады.

Тағы екі күзетшінің жараланғаны хабарланды. Әзірбайжан тарапы шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шабуыл жасаушы қамауға алынды. Иран тарапы тергеу басталғанын мәлімдеді.