Instagram-да жаңа функция пайда болды

0
752

"Арналар" пайда болғаны туралы Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг хабарлаған.


Instagram-да жаңа функция пайда болды

ERNUR.KZ. Instagram әлеуметтік желісінде ерекше функция пайда болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Яғни енді Instagram әлеуметтік желісінде Telegram-дағыдай арналар пайда болды. Онда хат, сурет, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндігі болады.

Әлеуметтік желіде ашылған алғашқы арнаның бірі компания басшысының арнасы болған.

Әзірге "Арналар" кейбір қолданушыларда ғана (негізінен АҚШ тұрғындарында) қолжетімді. Алдағы уақытта бұл режим барлық қолданушыда пайда бола бастайды.