Instagram-да кафелер мен мейрамханаларды іздеу қызметі пайда болды

0
896

Instagram картадан іздеуді енгізу шағын бизнесті қолдауға бағытталғанын хабарлады.


Instagram-да кафелер мен мейрамханаларды іздеу қызметі пайда болды

ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда бұл қызмет тест режимінде тек Австралия мен Жаңа Зеландия тұрғындары үшін қолжетімді деп жазады 24.kz.

Басылымның хабарлауынша, жаңартылған картаның көмегімен пайдаланушылар компаниялар, кафелер, дүкендер және басқа мекемелерді таба алады. Instagram картадан іздеуді енгізу шағын бизнесті қолдауға бағытталғанын хабарлады.


Онда пайдаланушылар белгілеген танымал орындар пайда болады. Олардың ішінде саябақтар, мейрамханалар, супермаркеттер, сондай-ақ Instagram-да орналасқан басқа орындар бар. Instagram картасы бойынша іздеу жоғарғы оң жақ бұрыштағы Explore бөлімінде жаңа белгіні басу арқылы жүзеге асырылады.


Қызмет Австралия мен Жаңа Зеландияда сынақ режимінде жұмыс істеуде. Instagram жаңа мүмкіндікті әлемнің басқа бөліктеріндегі пайдаланушыларға таратуды жоспарлап отыр.


Алайда нақты мерзім белгісіз.