Иммунолог: "Омикронды" тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін

0
543

Бұған дейін қазақстандық инфекционист дәрігер Динагүл Баешева балалардың вирусты қиын өткеретінін айтқан еді.


Иммунолог:

ERNUR.KZ. Иммунолог Владимир Болибок "омикрон" штамының адамшошырлық қасиетін атады. Маманның айтуынша, тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін, деп жазады Stan.kz

"Осы уақытқа дейін жұқтырудың мұндай көрсеткіші болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру деп саналатын, бірақ бұл тұрғыдан келгенде омикрон асып түсті", - дейді иммунолог.

Болибоктың пайымынша, вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу, оның есінеуі, тіпті, дем алуы жұқтыруға себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, иммунолог вирустың балалар үшін аса қауіпті екенін атап өтті.

"Олар белсенді түрде ауырады. Ауруханаға ауыр халде түсетіндердің саны күрт артады. Қазіргі басты мақсат - балалар өлімінің артуына жол бермеу", - деді маман.

Бұған дейін қазақстандық инфекционист дәрігер Динагүл Баешева балалардың вирусты қиын өткеретінін айтқан еді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлағаны анықталды. Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылған.