Енді WhatsApp-та жіберілген хабарламаларды түзеуге болады

0
555

Әріптерді тергенде кеткен қатені түзеу немесе жеткізілгеннен кейін хабарды қайта жазу үшін оны басып тұру керек.


Енді WhatsApp-та жіберілген хабарламаларды түзеуге болады

ERNUR.KZ. Мессенджер өз блогында "WhatsApp-та жіберілген хабарламаларды түзеу мүмкіндігі пайда болады" делінген, деп жазады zakon.kz.

Әріптерді тергенде кеткен қатені түзеу немесе жеткізілгеннен кейін хабарды қайта жазу үшін оны басып тұру керек. Сосын пайда болған мәзірден "Өңдеу" тармағын таңдайсыз.

WhatsApp түзетулерді хатты жібергеннен кейін 15 минутта ғана түзеуге болатынын ескертті.

"Сіздің әңгімелесушіңіз "Өзгертілді" белгісін көреді, бірақ түзету тарихын көре алмайды. Енгізілген өзгертулер, барлық жеке хабарлама, медиа және қоңырау сияқты, түпкілікті шифрлау арқылы қорғалған", - делінген хабарламада.

Компания жаңа мүмкіндіктің бүкіл әлемде енгізіле бастағанын және алдағы апталарда ол барлық пайдаланушыға қолжетімді болатынын айтты.