ДДСҰ тырысқақ ауруының таралу қаупі "өте жоғары" екенін ескертті

0
897

Соңғы індет туралы хабар 11 ақпанда жарияланғаннан бері жаһандық жағдай одан әрі нашарлап, тағы төрт елде ауру өршіген.


ДДСҰ тырысқақ ауруының таралу қаупі

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жариялаған есепке сәйкес, індеттердің көбеюіне байланысты тырысқақ ауруының жаһандық деңгейде таралу қаупі өте жоғары, деп жазады sputnik.kz.

"Індеттердің жайылуының географиялық аясы кеңеюіне, сондай-ақ вакциналар мен басқа да ресурстардың жетіспеушілігіне сүйене отырып, ДДСҰ жаһандық деңгейде қауіпті өте жоғары деп бағалайды", - делінген құжатта.

Соңғы індет туралы хабар 11 ақпанда жарияланғаннан бері жаһандық жағдай одан әрі нашарлап, төрт жаңа елде аурудың өршіді.

"Қазір барлығы 24 ел ауру туралы хабарлады", - делінген РИА Новости агенттігінің ақпаратында.

Ұйым жариялаған деректер тырысқақ індетінен зардап шеккен елдердің басым көпшілігі Африка мен Таяу Шығыста екенін көрсетеді.