БҰҰ Украинада ядролық қақтығыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді

0
357

Украинада ядролық қақтығыс болуы ықтимал.


БҰҰ Украинада ядролық қақтығыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. БҰҰ дирекциялары бірінің басшысы Украинадағы ядролық қақтығыс ықтималын «мүмкін» деп атады, деп жазады Zakon.kz.

Украинада ядролық қақтығыс болуы ықтимал. Мұндай пікірді БҰҰ гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының Төтенше гуманитарлық көмекті үйлестіру дирекциясының басшысы Рамеш Раджасингем айтты, деп жазады «Комсомольская правда».

Раджасингемнің айтуынша, қазір көптеген украиндықтар азық-түлікке, суға және электр қуатына қол жеткізе алмай отыр.

"Бір кездері ойға келмеген ядролық қақтығыс персективасы қайта мүмкін болды", - дейді Рамеш Раджасингем.

Ауруханалар, мектептер, көпқабатты үйлер мен баспаналар зардап шекті.

"12 миллион украиндық үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Қоршауда қалған қалаларда бейбіт тұрғындар қамауда қалып, қажетті дүниелерінен айырылған", - дейді Рамеш Раджасингем"