Әлемде коронавирус жұққан адам саны 25 миллионнан асты

0
569

Батыс Еуропада коронавирусты жұқтырғандар саны артты.


Әлемде коронавирус жұққан адам саны 25 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Коронавирус әлемде 25,16 миллион адамнан анықталды, деп хабарлайды Хабар24.

Жалпы 30 тамыз күні қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 846 772 адамға жетті. Сондай-ақ 17,5 млн астам адам жазылды.

Қазір Батыс Еуропада коронавирусты жұқтырғандар саны артты. Бұл жұрттың демалыстан оралуымен байланысты болып отыр. Сол себепті Германия жыл соңына дейін ауқымды шаралар өткізуге тыйым салды. Ал Венгрия 1 қыркүйектен бастап, шетелдіктер үшін шекарасын жабады.