Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

0
651

Кикабидзе 1938 жылы шілдеде дүниеге келген.


Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

ERNUR.KZ. Танымал актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі Грузияның «Мтавари архи» телеарнасына сілтеме жасап мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Кикабидзе 1938 жылы шілдеде дүниеге келген. 1978 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1980 жылы Грузияның халық әртісі атағы берілді.

Ол кеңестік және грузиялық кино саласында ондаған рөл сомдады. Кең танылған рөлдерінің бірі - Георгий Данелияның «Миминосындағы» Валико Мизандари.

2020 жылдан бері Вахтанг Кикабидзе Грузия парламентінің депутаты болған.