​17 жастағы қызды төсегінде тұншықтырып өлтірген

0
4 620

Қыздың мәйіті төсектен табылған, ол жалаңаш болған.


​17 жастағы қызды төсегінде тұншықтырып өлтірген

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтіріп кетті. Бішкектегі тұрғын үйлердің бірінде мәйіт табылғаны туралы хабарлама милицияға 15 қазан күні сағат 7.30-да түскен, деп жазды sputniknews.kz.

Нарынқол облысынан келген қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде ағасының үйінде тұрып оқыған. Қыздың мәйіті жатқан үйдің екінші қабатынан құқық қорғау қызметкерлері киім-кешек тапты, үй суық болғандықтан қыз киіммен жатқан, — деді дереккөз.

Қыздың мәйіті төсектен табылған, ол жалаңаш болған.

Сот-медициналық сараптама оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Кісі өлтірді деген күдікпен 21 жастағы және 20 жастағы жігіттер ұсталды, олар марқұмның немере ағасы болып келетіні анықталды. Олардың бірі кінәсін мойындаған.

қыҚылмыстық кодексінің 97-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.