ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түсудің МҰСЫЛМАНША 6 ЕРЕЖЕСІ бар

0
16 762

Мұны өзін МҰСЫЛМАН САНАЙТЫН әркім де сақтауы тиіс.


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түсудің МҰСЫЛМАНША 6 ЕРЕЖЕСІ бар

Жыныстық қатынасқа түсудің тәртібі мен ерекшелігі, түрлі тыймдары бар. Әсіресе, Ислам дінінде дені сау ұрпақ үшін тән жақындығын жасауда өзіндік тәртібі мен ережесіне мән беріледі.

Иісі мұсылман баласы осынау ережені сақтауы тиіс.


1. ДӘРЕТ АЛУ керек

Тазалық сақтау - қайда болмасын маңызды. Ал тән жақындығын жасарда, оның маңызы ерекше екенін білмейтін жан жоқ шығар.

Исламда ерлі-зайыптылар жыныстық қатынасқа түспес бұрын міндетті түрде дәрет алғаны абзал. Себебі дәреті бардың бойынан шайтан аулақ болады. Оның үстіне дәретпен болған жыныстық қатынас келешек ұрпақтың да тегіне, рухына әсер етеді.


2. ДҰҒА оқу

Қай істі болмасын, дұға жасаудан бастайтын мұсілман халқы үшін жатын жайда да, төсек ләззатына бөленер сәттен бұрын да айтылатын дұға бар. Жыныстық қатынасқа түспес бұрын (дәреттен соң) «Бисмиллаһ» деп бастап, жыныстық қатынасқа түсерде айтылатын дұғаны оқу керек.

«Бисмилләһи! Аллаһумма жәннибнәш шәйтаанәә уә жәннибнәш шәйтаанә мәә разәқтәнәә».

Мағынасы:

«Алланың атымен бастаймын! Аллаһым, бізді шайтаннан және шайтанды бізге нәсіп ететін ұрпағымыздан алыстат!».


3. АШЫҚ-ШАШЫҚ қосылмау

Әйелдің де, еркектің де әурет тұстарын күндіз де жауып жүруді қағида еткен дінде жыныстық қатынаста да ашық-шашық болуды қаламайды.

Ислам дінінде оңаша бөлме болса да жыныстық қатынасқа түскенде бүркену қажет. Яғни, көрпенің астында тән жақындығын жасау керек.


4. ҚҰБЫЛАҒА қарсы келмеу

Мұсылман халқы қашанда құбыланы сыйлаған. Тіпті, ұйықтар да, дәрет сындырғанда да құбыла бағытты қадірлеген.

Жыныстық қатынас кезінде де осы бағытты сақтау қажет. Ислам дінінде жыныстық қатынаста Құбылаға қарсы болмау назарға алынады. Яғни, бас құбылаға қарап жатуы тиіс.


5. ӘЙЕЛДІ ренжітпеу

Ислам дінінде әйелдің орны бөлек. Некелеп алған жарын еркек алақанында салып аялауы тиіс.

Ол барлық уақытта, тіпті, төсек қатынасында да солай. Жыныстық қатынасқа түспестен бұрын еркек әйелімен жұмсақ қарым-қатынаста болып, жылы сөздер сөйлеу, оның көңілін аулай білуі тиіс.


6. ҒҰСЫЛ дәретін алу

Тән жақындығын жасаған соң да тазалыққа мән беріледі. Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін әйел де, еркек те толықтай жуынып, ғұсыл құйынуы тиіс.

Түрлі дереккөздерден жинақтаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


МЕНОПАУЗА кезіндегі жыныстық қатынас: бұл ДҰРЫС ЕМЕС!


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түспей-ақ ОРГАЗМ алуға БОЛАДЫ