​Әр ӘЙЕЛ бір-бір "КӨҢІЛДЕС" болуы керек

0
13 305

Сонда ғана әйел төсектен шынайы ләззат ала алады екен.


​Әр ӘЙЕЛ бір-бір

Көңілдес десе шошына қараймыз. «Көңілдесі бар екен» деген сөз ерген адамға деген көзқарасымыз жақсы емес. Бірақ сол «көңілдеске» неге құмар адамдар? Себеін анықтап көрдіңіз бе? Ойша себебін іздеп көрейікші.


Алдымен көңілдестің мінездемесін құрайық. Ол – өмірді сүйетін, өзінің рахаты мен ләззаты үшін өмір сүретін, барлығынан ләзат алатын, төсекті міндетім деп емес, рахатым деп қабылдайтын жан. Солай екеніне келісесіз бе?

Еркекті де тартып тұратын сол «магнит» емес пе?


Ендеше, неге өз ішімізде бір-бір «көңілдесті» «орнатып» алмаймыз?! Некелі екі жанның арасына сына қағатын «көңілдестің» қасиеттерін неге өз бойымызға да сіңірмеске?! Әрине, керегімізді ғана!

Сонда кез келген әйел өзінің бойындағы қуатын ұрыс-керіс, дау-жанжал, реніш пен болмашы нәрселерге жұмсап тауыспайды. Керісінше, өзі «көңілдес» бола тұрып қуатын толтыра түседі.


Олай болса, МЫНА 10 КЕҢЕСТІ оқып қана қоймай, жүзеге де асыру қажет.


№1 КЕҢЕС

Ең бірінші кезекте әр әйел интим жаттығуымен айналысуға уақыт табуы қажет.

Бұл жаттығу тек «көңілдес» болу үшін ғана емес, әр әйелдің денсаулығына да пайдасы көп. Интимдік бұлшықетті шынықтырған сайын жыныс мүшелері мен оған қатысы барлардың қызметінің жұмысы жақсара түседі.

Ал жыныстық қатынас кезінде өзгерісті еріңіз ғана емес, өзіңіз де сезіне бастайсыз. Бұл әлбетте, төсек қатынасынан ләззат алуға, оргазмды сезінуге бастайды.


№2 КЕҢЕС

Әйелдің қуаты қандай жағдайда таси түсетінін білесің бе? Бойынша «мен мынаны қалаймын» деген сезім пайда болғанда, яғни, бірдеңені қалағанда...

Сондықтан, сондай қалауларыңызды дамыта түсу керек. Ол үшін қағаз аласыз да, нені қалайсыз, тізімін жасайсыз.

Ең қарапайымынан бастаңыз. Мәселен, «ұйықтап алғым келеді». Бәлкім, «тәтті бәліш» жегіңіз келетін шығар?! Содан кейін әйелдің қалағандарының тізімі жайлап шыға береді. Жаза беріңіз, тіпті, күн сайын жазыңыз.

Содан кейін тек жазып қана қоя салмай, соның кемінде екеуін орындап, өзіңізді қанағаттандырып тұрыңыз.


№3 КЕҢЕС

Біздің энергиямызды тасытатын күш – қанағаттану, рахатты сезіну. Сондықтан, кемінде үш нәрседен рахаттанып тұру қажет. Оның бірі – тәтті тамақ болса, екіншісі сатып алу, ал үшіншісі массаж, ваннаға түсу немесе маникюр жасау сияқты, мәселен.

Оны тек өзіңіз ғана таңдайсыз.


№4 КЕҢЕС

Өткенді қазбалап, болашақтан қорқып өмір сүрмеген жөн.

Мұндайды әсіресе, әйелдер қатты ұстанады. Алдағы 5 жылына жоспар құрып тастап, өткен қателіктерін ұмытпай өмірді қиындатып жіберетіндер де әйелдер. Байқасаңыз, еркектердің көбі «тап қазір және тек осы сәтте» деген қағидамен өмір сүреді.

Сондықтан, өзіңізді ондай негізі жоқ қорқыныш пен уайымнан арылтып, бүгінмен өмір сүруді үйрену қажет. Бүгін маңызды болған нәрсе, бір айдан соң түк қызықсыз болып қалуы әбден мүмкін.


№5 КЕҢЕС

Өзіңізге қашанда үш сұрақты қойып, соның жауабын іздеңіз.

«МЕН КІММІН? МЕН НЕ ІСТЕП ЖҮРМІН? МЕН ҚАШАН «МЕН» БОЛАМЫН?»

Осы сұрақтардың жауабына сеніммен жауап бере алатын болғаныңызда ғана сіз нағыз ӨЗІҢІЗ бола аласыз. Ал ол кезде сіз үшін өмірдің күнделікті қиындықтары түкке тұрғысыз болып, нағыз ләззатпен өмір сүре бастайсыз.


№6 КЕҢЕС

Кейде болмашы сәттер адамның ашу-ызасын келтіреді. Дөрекі саудагер, нашар ауа райы, жолдың жөнделмей балшыққа батып жатуы және т.б.

Осындай сәттерді «өмірімнің ең соңғы күні болса ше?» деген оймен қорытып көріңіз. Сосын әр күн мен әрбір қиындықтың өзінен рахат табуды үйрене бастайсыз.


№7 КЕҢЕС

Көңілдестер өмірдің рахатын көріп өмір сүреді. Рахат тапқан адамның қуаты арта түседі. Қуаты тасып тұрған адам әдемі, тартымды болады. Өзінің әдемі, тартымды екенін сезінген адам сенімді болады. Сенімді жанның сөзі де бекем, тірлігі де таптай болады.

Шаруасы тындырымды болғанның көңіл-күйі жоғары, алға қойған мақсаты айқын болады. Мақсаты айқын – жетеді. Жеткен адам табысты болады...

Көрдіңіз бе, тізбекті? Жалғастыра беріңіз. Бастысы, осыған сай болуды ұмытпаңыз.


№8 КЕҢЕС

Өзіңізге күтім жасаудан да рахат таба біліңіз.

Күн сайын жатарда жағатын креміңізден таңертең теріңіз әдемі болып тұратынын ойлап, рахаттана жасаңыз. Ол әдетіңізге айналсын.

Ол ғана емес, қолға, денеге күтім жасау жоспарыңыз болсын. Тек өзіңіздің тәніңіз үшін ғана!

Содан соң міндетті түрде көңіл-күйіңізді түсіріп жіберетін, ұнамайтын киімдеріңізден (әсіресе, ішкиімдерден) құтылыңыз.


№9 КЕҢЕС

Күйеуіңізбен, жұмыстағы ер адамдармен де жиі әңгімелесіп тұрыңыз.

Әңгіме айту, сөйлесу – «теріс жолға түсіп кету» емес. Шекараны білген адам мұны жақсы түсінсе керек.

«Күйеуі бар әйел басқа еркекпен мүлде тілдеспеуі керек» деген қағида жоқ. Адамгершілік ардан аттамайтын әйел мен еркектің әңгімелесуінде тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, пайдасы көп. Мұндай әңгімеден еркек үйіндегі әйелін, ал әйел күйеуін түсінуге пайдасы көп тиеді.


№10 КЕҢЕС

Тәніңізге қараңыз!

Тәніңізге не қажет? Жаурап жүрген жоқ па? Бәлкім, монша қажет шығар? Массаж қажет етіп жүрген болар? Жаттығу жасамай, тұз жиналып, қаны қоюланып, шашы селдіреп, әжім түсіп, тізесі қақсап жүрген жоқ па?

Иә, басқа біреудің емес, сіздің тәніңің туралы сұрап тұрмыз. Басқалардың мәселесін шешемін деп жүріп өзіңіздің тәніңізді күтуді ұмытып кетпеңіз. Өзіңізбен өзіңіз гармонияда болмасаңыз, басқасының барлығы түкке тұрғысыз.


Міне, осыларды ұстанған сәттен бастап әйелдің әрі кіріп, жаны жадырай түседі. Мұндай қағидалары бар әйелдің күйеуі көңілдес іздемейді, керісінше, қасынан ұзап шыққысы келмейді. "Көңілдестердің" еркектерді неге сонша магниттей тартатынын енді түсіндіңіз бе?

Ендеше, тап қазірден бастаңыз.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ТЕСТ: Мұндай әйелдер ЕРКЕКТІҢ АЙТҚАНЫН істейді


«Төсек қана керек»: ОЙЫ БҰЗЫҚ ЕРКЕКТЕРДІҢ қақпанына түсіп қалмаңыз